Мемлекет басшысы бүгін Түркияда болған қайғылы оқиғаға орай, ел Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Онда жазықсыз адамдардың қаза болып, зардап шеккені туралы хабар қабырғасын қайыстырғаны жазылған.
Сондай-ақ, «Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Стамбулдағы теракт өркениетті қоғамда радикалды топтарға орын жоқ екенін тағы растады», делінген жеделхатта.