Қаржы мониторингі комитеті бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қамауға алынғанын растады.
«Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Елжан Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланған.
Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», - делінген хабарламада.