Ақмола облысының Біржан сал ауданында орналасқан «Семізбай-У» кен орнының жұмысшыларынан коронавирус анықталды. Кәсіпорын карантинге жабылды. Алғашқы науқас 29-шы қазанда тіркелді. Бүгінде індетке шалдыққандар саны - 43. Науқастар инфекциялық ауруханаларға жатқызылды. Олармен байланыста болған өзге 91 жұмысшыдан ауру шықпады. Бірақ олар да карантинде болады.
Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:-Кәсіпорын тарапынан санитарлық шаралар қабылдануда. Зауыт жұмысшылары кеше екінші рет тестілеуден өтті. Барлық қажетті шаралар атқарылып жатыр. Алдағы күндері кәсіпорында залалсыздандыру жүргізіледі. Аурудың ошағын анықтау бойынша да жұмыс атқарылады.
Ермек Елберген