Елде баспана алу үшін банктен қарыз алатындар көбейді. Биыл ипотекалық несие 27%-ке дейін өсіп, 454 млрд теңгеге жеткен. Жалпы бір жылда 2,1 трлн теңгеге ипотекалық несие рәсімделген. Үй сатып алуға кредит алғандар бас қалада көп. Елордалықтар банктен баспана үшін 584 млрд теңге қарыз алған. Ал алматылықтар 500 млрд, Шығыс Қазақстан тұрғындары 124,2 млрд, Қарағандыда ел 119 млрд теңге кредит алып, баспаналы болған. Ал Солтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Түркістан облысында керісінше тұрғын үй үшін банктен қарыз алғандар аз.
Ақерке Бектас