Нұр-Сұлтан үшін газдың текше метрі 34,6 теңге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан үшін газдың текше метрі 34,6 теңге болады

02.11.2020
Нұр-Сұлтан үшін газдың текше метрі 34,6 теңге болады

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-сұлтан қаласы үшін тауарлық газға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Астана филиалына ҚҚС-сыз 1 текше метр үшін 30,9 мөлшерінде (ҚҚС-пен 1 текше метр үшін 34,6) тариф бекітті. Тариф 1 жыл мерзімге енгізілді.

Нұр-сұлтан қаласының тұтынушылары үшін тауарлық газды өткізудің түпкілікті бағасын есептеу кезінде, Энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген тауарлық газды көтерме саудада өткізудің қолданыстағы шекті бағалары ескерілді.  Тариф бұдан бұрын бірқатар БАҚ-та хабарланған болжамды тарифтен төменірек қалыптасқанын атап өтеміз.

Нұр-Сұлтан газ Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Хабарламаларға жазылу