Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды ол Twitter-де.