Онлайн-саудада адамдардың жеке мәліметі интернет кеңістігінде сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн-саудада адамдардың жеке мәліметі интернет кеңістігінде сақталады

01.11.2020

Интернет-алаяқтық қазір қылмыстың ең көп тараған түріне айналды. Сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн-сауда жасау кезінде адамдардың жеке мәліметі интернет кеңістігінде сақталады. Міне, сол есепшоттардағы ақшаны аударып алатындар көбейді.    

Бұдан бөлек, интернет арқылы біреудің атына несие алатындар шықты. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметінше, микрокредит ұйымдары да клиенттің жеке ақпаратын қорғай алмайды.

«Зерде» ұлттық инфо-коммуникация холдингінің басқарма төрағасы Арман Әбдірасіловтің айтуынша, бізде ІТ мамандарды дайындайтын оқу орындары 10-20-30 жыл бұрынғы бағдарлама бойынша оқытады. Демек мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі орташа да болмайтыны түсінікті. Ақерке Бектас зерттеп көрді.


Интернет-алаяқтық Сайт Микрокредит

Хабарламаларға жазылу