Алдын ала мәліметтер бойынша, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
«Қазіргі таңда, Ыстамбұлдағы жарылыстар салдарынан қаза тапқандардың және жапа шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстанның Бас консулдығы ақпаратты анықтап жатыр. Қосымша мәліметтер хабарланады», - деді телефон бойынша Ә.Жайнақов.