Екінші қарашадан бастап Өскеменге әуе және теміржол қатынасы шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші қарашадан бастап Өскеменге әуе және теміржол қатынасы шектеледі

30.10.2020

Сондай-ақ, шығыстың бас шаһарына қатынайтын пойыздар саны да азаяды. Жалпы, бірер күннен соң Шығыс Қазақстанға автокөлікпен кіріп-шығуға да шектеу қойылмақ. Бұл осы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар. 

Берік Көшербай, тілші:
-Алдағы жексенбіден бастап Шығыс Қазақстан бағытындағы әуе рейстер қысқарады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Өскемен қаласының арасында аптасына 17 әуе рейсі болса, енді 7 ұшақ қана ұшады. Алматыдан да тура соншама ұшақ қатынайды. Ал Шымкент қаласынан Шығыстың бас шаһарына осыған дейін аптасына 2 әуе рейсі болса, енді екінші қарашадан бастап 1 рейс қана қалады. 
«Нұр-Сұлтан-Өскемен» бағыттарындағы темір жол қатынасы 3 - тен 1-ге дейін, ал «Алматы-Өскемен» маршруттары бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан аумағынан әуе және темір жол көлігімен шығатын жолаушыларда ПТР-тест өтті деген анықтама болу керек. Әуежай мен теміржол вокзалына күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруіне тыйым салынады.

Берік Көшербай


2 қараша Өскемен Нұр-Сұлтан Өскемен қаласы самолет пойыз санитарлық бекет

Хабарламаларға жазылу