ПТР анықтамасыз елге ұшып келгендер енді екі күн емес, жеті күнге карантинге жіберіледі. Бас санитар дәрігер шектеу жөніндегі қаулыға осындай өзгеріс енгізді. Өйткені соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады. Елордада да жағдай мәз емес. Індетті күн сайын ондаған адам жұқтырып жатыр. Қауіпті ауру оқушыларды да сырт айналып жатқан жоқ. Оқу жылы басталғалы бас қалада 30 бала ковид жұқтырған. Олардың дені - қашықтан оқып жатқандар.
Сондай-ақ вирус балабақшадағы бір бүлдіршеннен де анықталды. Байланыста болғандар тексеріліп жатыр. Эпидахуалдың осылай құбылуына байланысты елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.
Мадина Жолдас