Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған науқастар саны екі есе өскен. Кеше елімізде COVID-19 дертімен 268 адам тіркелді. Ал бір күн бұрын яғни 27-ші қазанда вирус 148 адамнан анықталған еді. Пневмонияман ауырған науқастардың саны да азаяр емес. Кеше 174 жаңа жағдай тіркеліп, өкінішке қарай 1 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
Жалпы коронавирустан қазіргі таңда 3 мың 200-ден астам адам ем қабылдап жатыр.
Шерхан Жамбылұлы