Президентке пандемияның бизнеске тигізген салдары туралы баяндалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке пандемияның бизнеске тигізген салдары туралы баяндалды

29.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады. Рустам Жүрсінов мемлекет басшысына отандық бизнесті қолдауға қатысты атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Айтуынша, соңғы 4 жылда 25 мың өтініш қаралып, оның 43 пайызы оң шешілген. Сөйтіп кәсіпкерлердің 197 миллиард теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалған. Коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген салдары және кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстары да айтылды.

Досжан Маратұлы

президент ақорда коронавирус

Хабарламаларға жазылу