Батыс Қазақстан облысында жеткіншекті ажал тырнағынан арашалап қалған шекарашыға құрмет көрсетілді. Оқыс оқиға Жәнібек ауылының іргесіндегі жасанды су қоймасында болған еді. Сол маңдағы радиотелефоншы Әділбек Рахметов кенеттен көмектесіңдер деген баланың жан дауысын естиді. Дереу жағаға жеткенде батып бара жатқан баланың қолдарын ғана көрген. Ойланбастан суға секіріп, жанұшырған баланы құтқарып қалды. Шекарашының батыл әрекеті арқасында аман қалған 5-сынып оқушысы Ерқанат Мәдидің ата-анасы әскери қызметшіге шексіз алғыстарын білдірді.
Р.ДИӘЛИ