Коронавирус салдарынан әлемде саяхат 70 % қысқарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус салдарынан әлемде саяхат 70 % қысқарған

28.10.2020

Биыл әлемдік туризм 730 млрд доллар шығынға батты. Коронавирус салдарынан жаһанда саяхат 70 процентке қысқарған. Бұл сала енді тек келер жылдың соңына қарай қалпына келуі мүмкін, дейді дүниежүзілік туризм ұйымы. Биыл келген шығын 2009 жылғы экономикалық дағдарыс кезіндегі шығыннан 8 есе көп. Туризм ұйымының бас хатшысы бұл млн-даған кәсіпорынның жабылып, жұмыссыздар санынын көбеюіне әкелетінін айтады. Тіпті сарапшылардың 20 проценті туризм саласы 2 жылдан соң бір-ақ қалпына келеді деп болжап отыр.  

Ақерке Бектас


туризм Коронавирус саяхат

Хабарламаларға жазылу