Қызылордада 10 мыңға жуық дәрі мемлекет пайдасына тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 10 мыңға жуық дәрі мемлекет пайдасына тәркіленді

28.10.2020

Қызылордада заңсыз жолмен жұмыс істеп келген дәріхананың жұмысы тоқтатылып, 10 мыңға жуық дәрі-дәрмек мемлекет пайдасына тәркіленді. Аймақ прокурорлары кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелмеген, фармацевтикалық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ нысанды анықтап, антибиотиктің 517 түрінен 9500 дана дәрілік зат тапқан. Оның ішінде індет өршіген кезде елдің қолы жетпеген препараттар да бар. Заңсыз жолмен дәрі-дәрмек сатумен айналысқан тұлғаға 223 мың теңге айыппұл салынды. Ал тәркіленген ірі көлемдегі дәрі қоры өңірдегі медицина ұйымдарына берілді. 

Әділбек Серікұлы

Қызылорда дәрі айыппұл тәркілеу

Хабарламаларға жазылу