«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша үй алуға өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша үй алуға өтініш қабылдау басталды

28.10.2020

Енді «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алу үшін өтініш бере аласыз. Ол үшін отбасындағы әр адамның айлық табысы соңғы жарты жылда 101 мың теңгеден аспауы тиіс. Жобаға 1986-2017 жылдар аралығында кезекке тұрған адамдардан бөлек, 2018-2019 жылдар мен биыл әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады. Осы арқылы елдегі 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту жоспарланып отыр. 

Ипотекалық кредиттің жылдық мөлшерлемесі 5%-ға тең. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. «Шаңырақ» арқылы баспананы тек жаңадан салынған үйлерден алуға болады. 

Ақерке Бектас 

«Шаңырақ» бағдарламасы үй баспана Ипотека кредит Несиелендіру

Хабарламаларға жазылу