Теңге бағамы өткен жұмадан бері шамамен бір процентке әлсіреп, таңертең долларға шаққанда 430 теңгеге теңесті. Валютаның әлсіреуіне мұнай бағасының құлдырауы себеп, дейді Ұлттық банк өкілдері.
Расымен, Brent өткен аптамен салыстырғанда 3%-ке түсіп, бүгін баррелі тіпті 40 долларға төмендеп кетті. WTI 4 пайызға дейін түсті. Ал қара алтын құнының құлдырауына оған сұраныстың азая бастауы түрткі. Бұған АҚШ, Франция мен Ресейді қоса алғанда бірқатар елде коронавирус жұқтырғандардың күрт көбеюі кесірін тигізіп отыр.
Ақерке Бектас