Халықтың Kaspi банктегі ақшасы ешқайда жоғалған жоқ – ресми мәлімдеме - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың Kaspi банктегі ақшасы ешқайда жоғалған жоқ – ресми мәлімдеме

28.10.2020
Халықтың Kaspi банктегі ақшасы ешқайда жоғалған жоқ – ресми мәлімдеме

Хакерлер Kaspi банкінен 79 млн теңге ақша жымқырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Банк клиенттерін жан-жақтан келіп жатқан жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.  

«Өкінішке қарай, Kaspi банкінде техникалық ақау туындады. Карта арқылы төлем жасалмайды, банкоматтан ақша шешіп, ақша толтыру мүмкін емес, банк қосымшасы арқылы төлем мен аударым жасау да уақытша кідіріп тұр. Бірақ, біз жағдайды тез арада дұрыстауға тырысып жатырмыз», - деп хабарлаған банк қызметкерлері.

Ең бастысы, халық жапатармағай банктің сайты мен қосымшасына кіріп жатқан соң, сервиске түсетін күш одан сайын көбейіп жатыр. Сондықтан, банк қосымшасын уақытша босата тұру керек, деп ескертеді қаржыгерлер.


Каспий банк Kaspi.kz банк экономика хакер

Хабарламаларға жазылу