Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

27.10.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Байқауға өтінім қабылдау 15 қарашаға дейін жалғасады. Егер сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз qazvolunteer.kz сайтына тіркеліп, конкурсқа қатыса аласыз. Байқау 2 кезеңнен тұрады. Онлайн дауыс беру арқылы жоғары ұпай жинағандарды екінші кезеңде сарапшылар бағалайды. Жеңімпаздар 16 аталым бойынша марапатталады.

Мадияр Қожахмет, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:
Қазіргі таңда 26 мыңнан аса волонтерлер осы сайтқа тіркелген. Олар сол сайттың белсенді қолданушылары. Солардың арасында дауыс беру өтеді. Сонымен қатар басқа да дауыс берем деушілер сол сайтқа тіркеліп, дауыс бере алады.
Волонтер Байқау

Хабарламаларға жазылу