Халық онлайн төлемнің оңтайлы тұсын ескерсе керек, биыл қолма-қол ақшасыз жасалған төлем 19 трлн теңгеден асқан. Сауда министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, онлайн сауда мен қаржы операциялары карантин уақытында 2,5 есеге өскен. Ал елдегі электронды сауда нарығының көлемі жарты жылда 1 млрд-тан асты. Бұл жалпы бөлшек сауда көлемінің 9,4 проценті екенін ескеру керек. Жыл соңына дейін бұны 2 млрд доллардан асыру жоспарланып отыр. Қазақстан алдағы 5 жылда интернеттегі сауданың үлесін 15%-ке арттырады.
Ақерке Бектас