Енді нарықтағы тауар бағасын өзіңіз бақылай аласыз. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік пен дәрі-дәрмек құнын негізсіз өсіргендерге қарсы жаңа тәсіл тапты. Енді кез келген азамат сауда жасаған соң чекті суретке түсіріп, тауар бағасына Dosmart мобильді қосымшасы арқылы жібере алады. Саудаласқан соманың 1 проценті сізге кэшбэк ретінде түседі. Бұл 500 теңгеге дейін. Демек, әр жіберген чектен қосымша ақша түсіп отырады. Министрлік осылайша халықтың көмегімен нарықтағы тауар бағасының шарықтап кетпеуін қадағалайды.
Ақерке Бектас