Алматы тұрғыны мұздай суға батып бара жатқан итті құтқырап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тұрғыны мұздай суға батып бара жатқан итті құтқырап қалды

27.10.2020

Алматылық тұрғын мұзды суға батқан итті құтқарып қалды. Оқиға таңғы 8:00 шамасында Райымбек-Бөкейханов көшелерінің қиылысында болған. Осы маңда жүрген 57 жастағы азамат Есентай өзеніне ағып бара жатқан итті көріп, еш ойланбастан көмекке ұмтылады. Суық суға қарамастан өзенді кешіп төрт аяқтыны ақыры алып шығады. Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерге жүктеп, көпшілікті мейірімділікке шақырды. Ал Виталий Горинский бос уақытын үй жануарларына қамқорлық көрсетумен өткізеді. 

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы

Хабарламаларға жазылу