Шығыс Қазақстандағы шекаралық ауылдарда оттегі станциялары орнатылып жатыр. Инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек саны екі есе көбейген. Үржар ауылындағы орталық ауруханада бір мезетте өкпені жасанды желдеткіш құрылғысына жалғайтын 50 станция іске қосылды.
Мұндай жүйе халық саны тығыз орналасқан Мақаншы ауылында да жұмыс істеп тұр. Дәрігерлер вирустың екінші толқынына қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін айтады.
Ержан Жақып