Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын - Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын - Тоқаев

27.10.2020
Мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдаймын - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы ұсынысты қолдайтынын айтты. 

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
мемлекеттік ту президент

Хабарламаларға жазылу