Коронавирус салдарынан Қазақстан бюджетіне 1,1 трлн теңге түспей қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус салдарынан Қазақстан бюджетіне 1,1 трлн теңге түспей қалған

27.10.2020
Коронавирус салдарынан Қазақстан бюджетіне 1,1 трлн теңге түспей қалған

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлім етті.   

«Тоғыз айдағы бюджеттің жоғалтқан сомасын 1 трлн 100 млрд теңгеге бағалап отырмыз», - деді Марат Сұлтанғазиев сұрақтарға жауап бере отырып.

Бұл ретте, мемлекет коронавирус кезінде бизнеске көмектесу үшін 1,5 млрд теңге шамасында қаражат бөлген. Жалпы, Сұлтанғазиевтің мәліметіне сүйенсек, салық берешегі 5,2% -ға азайып, 195,5 млрд теңгені құраған. 

Хабарламаларға жазылу