Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 6 трлн теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 6 трлн теңгеге жетті

27.10.2020
Қазақстандықтардың депозиттегі ақшасы 6 трлн теңгеге жетті

Сыртқы жағдайдар мен әлемдік экономиканың құлдырауына қарамастан, қазақстандықтардың теңгеге деген сенімі жоғары, деп жазады ranking.kz агенттігі. 

Cебебі, дереккөзіне сүйенсек, биыл тамыз айының соңына қарай елдегі банктердегі халықтың депозиті 6 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға артық. Ал, шетелдік валютадағы депозиттің үлесі бір жыл ішінде 45,4%-дан 41%-ға дейін төмендеген. 

«Теңгемен жинақталған депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары. Мәселен, биыл тамыз айының соңында заңды тұлғалардың теңгеге тартылған депозиттері бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды, ал шетел валютасында 0,7%-ды құрады. Өз кезегінде жеке тұлғалар үшін мөлшерлеме теңгемен - 9,8%-ды, шетелдік валютада - 1,4%-ды құрады», - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, 20 қазанында ұлттық валютаның айырбас бағамы айдың басынан бастап 0,7%-ға күшейіп, бір АҚШ долларына шаққандағы бағамы 428,67 теңге болды. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының өсуі әсер етті. 


депозит доллар теңге курс бағамы

Хабарламаларға жазылу