«Нұрлы жер»: Ауылдарға су тарту үшін 934 млрд теңге керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер»: Ауылдарға су тарту үшін 934 млрд теңге керек

27.10.2020
«Нұрлы жер»: Ауылдарға су тарту үшін 934 млрд теңге керек

«Нұрлы жер» бағдарламасы асында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға 934 млрд теңге бөлінеді. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов осылай деді.

«20 жыл ішінде «Ақбұлақ», өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6 пайызға жетті. Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су құру желілерін дамытуға респуликалық бюджеттен 113,6 млрд теңге бөлінеді. 103 жоба іске асып жатыр», - деді министр. 

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған суға қол жеткізу деңгейін қалаларда 97,5 пайызға, ауылдық жердерде 87,7 пайызға жеткізу жоспарланған.

«Қазір республика бойынша 6341 ауыл бар. Оның 4078-і орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок модульдер орнатылған, 1146 ауылға су тарту керек. «Нұрлы жер» бағдарламасы асында барлық қаржыландыру көздерінен сумен жабдықтау және су құру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд теңге қарастырылған», - деді Атамқұлов.
ауызсу су мәселесі Үкімет отырысы

Хабарламаларға жазылу