Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы қайта бекуі мүмкін

26.10.2020

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кей түрлеріне шекті баға қайта бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Вирустың екінші толқыны бола қалса, тауарларға сұраныс күрт артуы мүмкін. Олай болған жағдайда бағаны ұстап тұру механизмін қайта енгізу жайы қаралып жатыр. Жалпы, әлеуметтік маңызға ие тауарлардың құнын реттеу үшін 4 бағыт қолға алынды. Соның бірі – ұлттық тауар өткізу жүйесі. 24 көтерме тарату орталығы салынады. Оның жетеуіне қатысты өтінім қабылданып қойған. Осылайша, кей өнімдердің бағасын 45 пайызға дейін арзандату көзделіп отыр.   

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:  
-Біздің анализ бойынша кейбір тауар бойынша тауар өндірілетін кезде шығын 30-70 пайызға дейін жетеді екен. Жалпы кей тауарларды 45 пайызға дейін соңғы бағасын төмендетуді көретін боламыз.  

Ал Қытайға ет экспортының артқаны ішкі нарықтағы бағаға әсер етпейді деп сендірді министр. Әрі тапшылық болмайды деп отыр. Өйткені, әуелі ішкі тұтыну көлемі ескеріледі. Қалғаны ғана сыртқа шығарылады. Сонымен қатар, ет өнімдерін қайта өңдеп, сатуға басымдық берілмек.    

Асима Нұрбайқызы


азық-түлік Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

Хабарламаларға жазылу