Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда нан бағасы 10 теңгеге қымбаттады

26.10.2020

Қазір ас атасы дүкендерде 95 теңгеден сатылып жатыр. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, наубайхана қожайындары бағаны заңсыз көтеріп жіберген. Кәсіпкерлермен бұған дейін нан құнын өсірмеу туралы келісім болған көрінеді. Алайда қаладағы алты ірі наубайхананың бесеуі бір күнде бағаны көтерді. Кәсіп иелері әлеуметтік нан бағасының өсуін ұнның қымбаттауымен байланыстырады. Айтуларынша шикізат құны жылдағыдан 30 процентке көтеріліп кеткен. Ал әкімдік өкілдері бағаны өсірмес үшін қордан 3 ай бойы арзан ұн бөліп келген. Қазір қоймадағы ұн 20 күнге ғана жетеді.    

 Берік Нығмашев, облыс әкімінің орынбасары: 
-Нан бағасын қайтадан қалпына келтіреміз.Арнайы жұмыс тобы құрылды. Міндетті түрде шара қолданады.  


нан тараз

Хабарламаларға жазылу