«Батыс Су арнасы» серіктестігіне қарасты кәріздік сорғы станциясында тазарту жұмыстары кезінде 49 және 41 жастағы екі жұмысшы қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше сағат 11:30 шамасында болған.
Алдын ала дерек бойынша, кран балканы жалғау кезінде жұмысшы кәріз құдығына құлап кеткен. Өздігінен шыға алмаған әріптесін екіншісі құтқармақ болған. Алайда, жұмысшылардың екеуі де газға уланып, суға батып кеткен.
Рауан ДИӘЛИ