Енді салынып бітпеген үйге де ипотека рәсімдеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді салынып бітпеген үйге де ипотека рәсімдеуге болады

26.10.2020

Енді үлестік құрылысқа қатысу үшін ақша жинаудың қажеті жоқ. Ипотека рәсімдеп, салынып бітпеген үйден пәтер алуға болады. Ұлттық банк «Баспана хит» бағдарламасына өзгеріс енгізіп, тұрғындарға осындай мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін жұрт жаңа немесе бұрын қолданыста болған баспаналарды ғана ипотекаға рәсімдей алатын. Әрине мұндай үйлердің бағасы арзан емес. Енді ипотекамен үлестік құрылысқа қатысуға рұқсат берілген соң, пәтерді әлдеқайда төмен бағамен алуға болады. Бірақ құрылыстың аяқталғанын күтуге тура келеді. Сондай-ақ ипотекамен алуға болатын үйлердің шекті бағасы да өсіп отыр. 

Айбар Олжаев, «Қазақстанның орнықтылық қоры» сыртқы байланыстар қызметінің бас менеджері:
-Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің шекті бағасы 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін көтерілді. Бұл ең бірінші азаматтардың сұрауы бойынша іске асты. 

Досжан Маратұлы

үй ипотека Баспана хит

Хабарламаларға жазылу