Асқар Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Түркияның қорғаныс министрін қабылдады

26.10.2020

Бүгін Премьер-Министр Асқар Мамин Түркия Республикасының қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады. Кездесуде елдердің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығы мен перспективалық жоспарлар талқыланды.

Қазір Қазақстан мен Түркия қорғаныс министрліктері әскери тариф және мәліметтер алмасу салалары бойынша екі хаттама әзірлеп жатыр. Қос тарап көп жоспарлы стратегиялық қатынастарды нығайтуға мүдделі. Осы уақытқа дейін орнаған тығыз қарым-қатынас онан сайын нығая түспек. Екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барған сапарында әскери ынтымақтастық жөніндегі келісім және құпия мәліметтерді сақтау жөніндегі келісімге қол қойған болатын.

Соның негізінде бірлескен оқу-жаттығу, бірлескен әскери және жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселелері шешімін тапты. Ал енді қос ел құқықтық базаны нығайту мақсатында хаттамалар дайындап жатыр. Осыған орай индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тараптар арасында нақты келіссөздер жүргізетін болады.


Асқар Мамин Түркия Хулуси Акар

Хабарламаларға жазылу