Түркістандағы сауда үйлері мен жабық базарлар сенбі күні жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандағы сауда үйлері мен жабық базарлар сенбі күні жұмыс істейді

26.10.2020

Түркістан облысындағы сауда орталықтары мен жабық базарлар сенбі күні де жұмыс істейтін болды. Тек бұл нысандарға санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, әлеуметтік арақашықты және маска кию тәртібін сақтау міндеттелді. Өңірдің бас мемлекеттік санитар-дәрігері карантиндік шектеу шараларын ұзарту туралы қаулыға осындай өзгерістер енгізді. 

Жаңа қаулыға сәйкес, облыс аумағындағы сауда үйлері мен азық-түлік, киім-кешек базарлары таңғы сағат 09.00-ден кешкі 17.00-ге дейінгі ашық болады. Бұған дейін базарлар мен сауда орталықтары тек жұмыс күндері қызмет көрсетіп келген еді. Ал қаулыдағы өзге талаптар өзгеріссіз қалдырылды. 

Алдарқұл Ахметов, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары:
37-қаулы бойынша, сол шектеу енгізілген объектілер сол күйінде қалды. Оның ішінде мысалы мал базарлардың жұмысына тыйым салынған болатын. 
Түркістан карантин сауда орталықтары

Хабарламаларға жазылу