«Химфарм» зауытының өнім көлемі жыл басында жоспарланған межеден асып түсті. Пандемияға байланысты кәсіпорын 80 миллион қорап дәрілік препарат әзірлеп шығарды. Олардың дені антибиотик және екпе дәрілер. Осылайша зауыт отандық дәрі-дәрмектің 40 пайызын өндіруге қол жеткізді. Зауыт қазір 200-ден астам дәрі-дәрмек түрін шығарады. Компания өнімінің 90 проценті ішкі нарықта саудаланады.
Сондай-ақ, зауыт зертханасында қазір 51 түрлі дәрілік зат сынақтан өткізіліп жатыр. Олардың арасында жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі және асқазан, қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің алуан түрі бар.
Рустам Байғарин,зауыт директоры:Індеттің алғашқы толқыны кезінде өндіріс толық қуаттылығымен жұмыс істеуге көшті. Соның нәтиежсінде өнім шығару көлемі екі есеге артты.
Ғани Қалмахан