Жамбыл облысының тұрғыны Лидия Сидоренко 85 жаста, көлік жүргізген 61 жыл ішінде ол бір де бір рет жол ережесін бұзбаған. Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов Лидия әжейге құрмет көрсетіп, құқық қорғау қызметкерлері оған алғыс білдірді.
«Лидия Сидоренко 85 жаста, 61 жыл бойы көлік жүргізіп келеді. Осы жыл аралығында жол ережесін мүлде бұзған емес. Ол сондай-ақ, осы жылдар бойы тек төрт көлік ауыстырған. 2011 жылдан бері Лидия әже «Волга» ГАЗ-24 маркалы машина мініп жүр»,- деп хабарлайды polisia.kz сайты.
Лидия Сидоренко жалпы көлік жүргізуші куәлігін 1959 жылы Жамбыл қаласында алған. Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Лидия әжемен кездесер кезде жеті ретро көліктің көрмесін ұйымдастырған. Лидия Сидоренко кейбір ескі көлікті жүргізіп көріп, полиция департаментіндегі жас мамандарға мастер класс көрсетті.