Қашағандағы газ өңдейтін зауыттың құрылысы келер жылы аяқталады

23.10.2020

Қашағанда салынатын зауыт қуаты 5 млрд текше метрге дейін ұлғайтылуы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілдері хабарлады. Құны 860 млн долларға бағаланған газ өңдейтін зауыттың құрылысы келер жылы аяқталады. Ол кен орнынан жылына 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл елдегі тауарлы газдың үлесін ұлғайтып, Қашағанда қара алтын өндіруді арттыра түседі.  

Ақерке Бектас 


Қашаған газ өңдейтін зауыт

Хабарламаларға жазылу