Павлодардағы жаңа госпитальде 200-ден аса маман жұмыс істейді

23.10.2020

Бүгін Павлодарда модульдік жұқпалы аурулар госпиталі ашылды. 200 адамға арналған кешенде коронавирусқа шалдыққан адамды емдеудің барлық мүмкіндіктері қарастырылған.

Бұл жұқпалы ауруларды емдеуге арналған аймақтағы алғашқы модульдік аурухана. Аумағы 6800 шаршы метр. Небәрі екі ай ішінде салынды.

Асылхан Әмірханұлы, мердігер компания өкілі:
- Уақыттың тығыздығына қарамастан сапаға зиян келген жоқ деген сенімдеміз. 

Госпитальде 200-ден аса медицина қызметкерлері жұмыс істейтін болады. Індет ушыққан жағдайда олардың саны екі есеге дейін көбеймек. Қазірдің өзінде өкпенің қабыну дертін емдеуге қажетті заманауи құралдардың бәрі бар.

Мүслім Солтанов, аурухана меңгерушісінің орынбасары:
- Артықшылығы сырқаттарға операция жасауға болады. Компьютерлік томография, бронхоскопия , ПТР-сынамасы, қанның құрамындағы оттегіні де осы жерде анықтаймыз.    
Болат Аманбаев тілші:
-Ал, бұл жан сақтау бөлімшесі. Бұл жерде 24 жасанды тыныс алу аппараттары орнатылған. Олардың бәрі жұмыс істеп тұр. Оған қосымша әр кереуеттің тұсында өкпеге оттегіні жіберетін құрылғылар бар.   

Соңғы тәулікте өңірде 20 адам короновирус жұқтырған. Бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда екі есеге көп.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі: 
-Дәрігерлерден бастап облыстың кез келген тұрғыны сақтық шараларына мән беруі керек. Сонда бүгін пайдалауға беріліп отырған аурухана резервте қала береді. 

Жақында аймақта вирусты анықтауға сынама тапсыратын бірнеше зертхана мен оттегі станциялары ашылмақ.  

Болат Аманбаев  

Павлодар модульдік жұқпалы аурулар госпиталі

Хабарламаларға жазылу