Мемлекет басшысы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

23.10.2020

Қызылордада 200 орындық модульді аурухана іске қосылады. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған аймақ әкімі айтты. Гүлшара Әбдіқалықова 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары туралы да есеп берді. Құны 271 миллиард теңге болатын 265 жобаны жүзеге асыру және 5 мыңға тарта жұмыс орнын ашу қарастырылған. Облыста жиын терім науқаны да аяқталды. 550 мың тоннадай күріш жиналған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі эпид ахуалды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.  

Ләйлә Дулатқызы

Қызылорда Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы

Хабарламаларға жазылу