Францияда коменданттық сағат орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда коменданттық сағат орнады

23.10.2020

Францияда коронавирусты тоқтату үшін 46 миллион адам тұратын аумақта коменданттық сағат алты аптаға жарияланбақ. Премьер-министр Жан Кастекстің мәлімдеуінше, елдегі эпидемиялық ахуал ауыр. 

Өткен аптада Франицияда күніне шамамен 20 мыңдай адам ковид жұқтырып, мұндай науқастарың жалпы саны 957 мыңға жетіп, 34 мыңы қайтыс болды. 

Коменданттық сағат Париж аймағы мен елдің солтүстігінің басым бөлігінде және оңтүстік-шығыста кешкі сағат 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін әрекет етпек.

Арыстан Рысбек

франция коронавирус Коменданттық сағат Париж

Хабарламаларға жазылу