23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні тойланады. Атаулы күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді.
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, бүгінде ел аумағында 120-130 қар барысы бар. Өкінішке қарай, олардың саны жыл сайын азайып келеді.
БҰҰ Даму бағдарламасының Ғаламдық экологиялық қоры мен Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Қазақстандағы жануарлардың мекен ету ортасы мен популяциясын зерттеу үшін ерекше қорғалатын 13 аймаққа 294 фототұзақ орнатқан.
Қар барысы туралы қызықты деректер:
- Қар барысы жалғыз өмір сүреді және иіс арқылы тілдеседі;
- Олар тіршілік ететін аумағын қызғыштай қорғап, ешкімді кіргізбейді.
- Ілбістер пырылдайды, бірақ ырылдай алмайды;
- Қар барысының көзі өте жақсы көреді;
- Бұл жыртқыштар 6 метрге дейінгі ұзындыққа және 3 метр биікке секіре алады;
- Ілбістер 12 елдің аумағында мекендейді: Қазақстан, Ауғанстан, Бутан, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.
Фото: web-zoopark.ru