Жемқорлықтан елімізге келген залал 9 есеге артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықтан елімізге келген залал 9 есеге артты

22.10.2020

Аса ірі көлемдегі жемқорлыққа қатысты қылмыстардан елімізге келтірілген залал 9 есеге артты. Мына құқықтық статистикаға қарайтын болсақ, биыл 9 айдың өзінде 15 жемқорлық фактісіне қатысты іс тергеліп біткен. Елімізге келтірілген залал 245 миллион теңгеден асады. Ал былтыр әлдеқайда аз. Ірі жымқырудың 22 фактісі тіркелгенімен, залал 27 миллион теңге болған. Десе де биыл мемлекетке экономикалық жағынан ең көп кесірін тигізген қылмыс – қызмет бабын асыра пайдалану. Залалы 4 миллиард теңгеден асады. Екінші орында пара беру. 2 миллиард теңгеге таяу. 

Досжан Маратұлы 

жемқорлық

Хабарламаларға жазылу