Несие мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие мөлшерлемесі төмендеуі мүмкін

22.10.2020

Несиенің жылдық мөлшерлемесін азайту туралы бастаманы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көтеріп отыр. Ол үшін арнайы қаулы шығарған. Маңызды құжатта несие ставкасын едәуір азайту туралы ұсыныс бар. Оған себеп жұрттың банк алдындағы берешегінің өсуі. Бастама қолдау тапса, жылдық мөлшерлеме былай өзгеруі мүмкін. 

Кепілсіз несие үшін 56, кепілмен 40, ал ипотекалық несиелер бойынша 25 пайыздан аспауы керек. Агенттіктегілер бұл несие төлеуді жеңілдетіп, қарызға батқан жұртқа көмек болады дейді. Десе де құжат қазір талқыланып жатыр. 

Досжан Маратұлы 

Несие

Хабарламаларға жазылу