Оралдағы атысқа қатысы бар екі адам қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы атысқа қатысы бар екі адам қамалды

22.10.2020

Оралдағы атысқа қатысы бар 21 және 23 жастағы екі жігіт қамауға алынды. Олардан 1 тегіс ұңғылы мылтық, 10-нан аса оқ-дәрі және өзге де ұрып-соғу құралдары тәркіленді. Жалпы бұл іс бойынша 20 адамнан жауап алынбақ. Ал оқ тиген жігіт әлі есін жиған жоқ. Жағдайы ауыр. Еске салайық, екі күн бұрын Оралда атыс болып, екі адам ауруханаға түскен еді.   

Рауан Диәлі 


Орал атыс

Хабарламаларға жазылу