ПТР-сынама анықтамасы жоқ қазақстандықтар елге кіре алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ПТР-сынама анықтамасы жоқ қазақстандықтар елге кіре алмайды

22.10.2020

Халықаралық рейспен өзге елден оралған қазақстандықтардың індет жұқтырмағаны туралы анықтамасы болуы шарт. Олар ПТР-сынамасыз елге кіргізілмейді. Бұл туралы көліктегі мемлекеттік санитарлық бас дәрігер айтты.   

26-шы қазаннан бастап 72 сағат ішінде сынама тапсырғандар ғана ұшаққа отырғызылады. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама керек емес. Барлық әуе компаниялары мен әуежайларға осы талапты орындау жүктелді. Айта кетейік, осыған дейін шетелден оралған жерлестеріміз карантинге жатқызылып, ПТР-сынаманы мемлекет есебінен тапсыратын.

ПТР

Хабарламаларға жазылу