Маңғыстауда ертеңнен бастап карантин талаптары қайта жеңілдетіледі. Осыдан екі апта бұрын жұмыс уақыты қысқарған қоғамдық тамақтану орындары мен ірі азық-түлік дүкендеріне 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Қоғамдық көліктерде таңғы 06:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жүретін болды. Жабылған спорт нысандары мен фитнес орталықтары қайта ашылады. Ал сауда, ойын-сауық орталықтары 24-қазаннан бастап сенбі күні де 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, 26-қазаннан бастап кинотеатрлар іске қосылады.
Аягөз Оралбайқызы