26 қазаннан бастап шетелден елге қайтпақ болған қазақстандықтар ПТР анықтамасыз ұшаққа отырғызылмайды. Бұл туралы ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді.
«Осы жылдың 26 қазанынан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, соның ішінде ел азаматтарында да мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытты құрайтын ПТР тестілеудің анықтамасы болуы керек. Тек 5 жасқа дейінгі балалар бұл анықтамадан босатылады», - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
ПТР тестілеудің нәтижесін қағаз түрінде немесе электронды нұсқада (смартфоннан) көрсетуге болады.