Екінші нарықтағы үйлерді де «5-10-20» бағдарламасымен беру керек - Ұлттық кеңес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екінші нарықтағы үйлерді де «5-10-20» бағдарламасымен беру керек - Ұлттық кеңес

22.10.2020
Екінші нарықтағы үйлерді де «5-10-20» бағдарламасымен беру керек - Ұлттық кеңес

Қазақстанда 30 мыңға жуық көпбалалы отбасы үй кезегінде тұр. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында «Талбесік» көпбалалы аналар қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахмет айтты.

«Тұрғын үй саясаты саласында бір мезетте 7 мемлекеттік оператор жұмыс істейді. Бірақ осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың тізімін ашық жариялайтын сайт жоқ. Халық баспана кезегінің жылжуын бақылай алмай отыр», - деді ол.

Сондай-ақ Ләззат Қожахмет жиында Қазақстанда 30 мыңға жуық көпбалалы отбасы үй кезегінде тұрғанын жеткізді. 

«Көпбалалы аналарға арендалық пәтерлер беріледі. Бірақ ол мұраға қалмайды. Сондықтан халық ипотекамен үй алуға бел буады. Осы орайда «5-10-20» бағдарламасымен үй алудың қиындықтары бар. Бұл бағдарламалармен тек жаңа салынған үйлерден ғана пәтер беріледі. Олардың бағасы тым қымбат: 15 млн теңгеге бір бөлмелі пәтер беріледі. Ал 4-5 баласы бар отбасыға бұл пәтерді 20 жылға ипотекаға алу тиімсіз. Сондықтан «5-10-20» ипотекасымен екінші нарықтағы, яғни арзан баспаналарды да беруді ұсынамыз», - деді ол.


баспана ұлттық кеңес

Хабарламаларға жазылу