Ақтауда онға жуық дүкен әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасын негізсіз қымбаттатып келген. Заңға бағынбаған дүкен қожайындарына 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 280 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Саудагерлер тауарды жеткізушілерге негізсіз талап қойып, сөрелерді жалға беріп, тауарды өткізу үшін қосымша ақы сұраған. Соның кесірінен өнім жеткізушілер азық-түлік бағасын көтеріп жіберген. Жауаптылардың айтуынша, қазір бірқатар дүкен қожайыны заңсыздықтың талапқа бағынбағаны жауапкершілікке тартылады.
Бақтияр Тұраров, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы:Талаптарымен келіспеген жағдайда супермаркет өнім жеткізушілердің өнімін өткізбейтінін мәлімдеген. Ал, келіскен жағдайда өнім жеткізуші қосымша сыйақы төлеуі қажет.
Ақерке Бектас