К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

20.06.2016
К. Мәсімов Д. Медведевке Карелияда балалардың қаза болуына байланысты көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов твиттер-аккаунтқа Карелияда балалардың қайғылы қазаға ұшырауына байланысты РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке көңіл айтты.

«РФ Үкіметінің Төрағасы Д.А.Медведевке балалардың қазасына әкеп соққан Карелиядағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын», - деп жазды твиттерге К. Мәсімов.

Еске салсақ, 18 маусымда «Парк-Отель Сямозеро» балалар сауықтыру лагерінің қатысушылары  Пряжинск ауданындағы су қоймасында   қайықпен дауылға ұрынды.  Үш қайықта 47 бала, 4 ересек нұсқаушы болған. Дауыл салдарынан қайық аударылып, батып кетті. Соңғы деректер бойынша қаза болған балалар саны - 15.

Хабарламаларға жазылу