Қазақстанда биометриясыз онлайн-микрокредит берілмеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда биометриясыз онлайн-микрокредит берілмеуі мүмкін

21.10.2020

Енді биометриясыз онлайн-микрокредит берілмеуі мүмкін. Тыйым алаяқтықпен несие алатындардың айласына тұсау қою үшін салынбақ. Құжатты Қаржы нарығын реттеу агенттігі қарашаға дейін талқылайды. Биометрия адамның бет-әлпеті мен саусақ іздерін, үш өлшемді фотосуретін, даусын және көздің арнайы суретін қамтиды. Ұсыныс енгізілсе, микрокредиттік ұйымдар биометриясы жоқ клиентке онлайн несие бермейді.

Ербол Омарханов, микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының директоры:
-Кейбір микрокредиттік ұйымдар қарыз берген кезде азаматтардың мәліметін дұрыс тексермейді. Осыдан алаяқтар адамдардың жеке мәліметтерін алып, оп-оңай несие рәсімдейді. Сондықтан бұны қатаңдату жөнінде ұсыныс жасадық.

Ақерке Бектас

биометрия шағын несие

Хабарламаларға жазылу